Сенаторларға депутат куәлігі мен төсбелгісі табысталды

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Сенат депутаттарына депутат куәлігі мен төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2023 жылғы 14 қаңтарда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы қаулысы және Парламенттің жаңа құрамымен ОСК хатшысы Мұхтар Ерман таныстырып өтті.  

Отырыс барысында  сенаторларға ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына депутат куәлігі мен төсбелгісі тапсырылды.

 Еске сала кетейік, биыл 14 қаңтарда өткен дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандар:

Абай облысынан - Қайрат Құлбайұлы Тастекеев

Ақмола облысынан –Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов 

Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхуллұлы Нугманов 

Алматы облысынан – Жанболат Ақебайұлы Жөргенбаев 

Атырау облысынан – Әлібек Ибатуллиұлы Наутиев 

Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Буктугутов

Жамбыл облысынан - Сәкен Қаланұлы Арубаев 

Жетісу облысынан - Амангелді Ғабділкәрімұлы Толамисов 

Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов

Қарағанды облысынан - Серік Балғатайұлы Өтешов 

Қостанай облысынан - Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов 

Қызылорда облысынан - Руслан Рүстемов 

Маңғыстау облысынан - Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров 

Павлодар облысынан - Ернұр Нұрмұханұлы Айткенов 

Солтүстік Қазақстан облысынан - Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова 

Түркістан облысынан - Мұрат Болатұлы Қадырбек 

Ұлытау облысынан - Советбек Тұрсынұлы Медебаев 

Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай 

Алматы қаласынан - Жанна Бейсентайқызы Асанова 

Шымкент қаласынан - Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.

Сондай-ақ кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Жақып Қажманұлы Асанов;

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;

Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сенатор болып:

Евгений Андреевич Больгерт;

Закиржан Пирмухамедович Кузиев;

Нурия Исмагиловна Ниязова;

Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;

Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы