Сенаторлар "Жастар кадрлық резерві" жобасының жеңімпаздарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Сенат аппаратында тағылымдамадан өткен "Жастар кадрлық резерві" республикалық жобасының жеңімпаздарымен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, кездесуге "Болашақ" ҚР президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының өкілдері қатысты.
Комитет хатшысы Серік Бектұрғанов Сенаттың құрылымы мен қызметі туралы айтып, сенаторлардың жұмысына қысқаша шолу жасады.
"Болашақ" ҚР президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова жас мамандар үшін кадрлық резервтің жақсы бастама екенін атап өтті.Қазіргі уақытта резерв құрамында 500-ден астам маман бар.
Кездесу барысында депутаттар жас мамандардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жедел жәрдемнің қызмет сапасын арттыру мәселесі қаралды
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы