Сенаторлар ҰҚШҰ ПА Тұрақты комиссияларының отырысына қатысты
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Андрей Лукин мен Алишер Сатвалдиев ҰҚШҰ-ның Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамында басқа елдерден келген әріптестерімен бірге маңызды күн тәртібін талқылады.
Сергей Ершов пен Геннадий Шиповских Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі отырыста интернет кеңістігіндегі жұмысқа байланысты ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған ұсынымдар жобасын қарады.
Ал сенаторлар Әлібек Нәутиев пен Руслан Рүстемов Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысында көші-қон мәселесі туралы ұсынымдар жобасын дайындау бойынша жұмыстардың барысын талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы