Сенаторлар ТМД ПАА Тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Талғат Мұсабаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әли Бектаев ТМД ПАА Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында экологиялық қауіпсіздік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өндіріс және тұтыну қалдықтарына қатысты бірқатар мәселелерді әріптестерімен бірге талқылады.

Сенатор Талғат Мұсабаев саяси және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған отырыста ТМД аясында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің жекелеген мәселелерін басқа елдердің парламентшілерімен бірге қарастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы