Сенаторлар сыртқы сауда қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Сенаторлар Қазақстанның сыртқы сауда қызметін дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Қазақстандағы сыртқы сауда қызметін дамыту» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Талқылауға сауда және интеграция, индустрия және құрылыс, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржы, ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен квазимемлекеттік сектор компанияларының басшылары қатысты.

Отырыс барысында еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру, сыртқы саудадағы кедергілерді жою және қазақстандық өндірушілерге қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сыртқы сауда ұлттық экономиканы нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сауда саласын тұрақты дамыту үшін жүйелі және институционалдық негіз қалыптастыру, қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экспорт көлемін ұлғайту – біздің басты міндетіміз, - деп атап өтті Сүйіндік Алдашев.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сыртқы сауда саласындағы өзекті қауіп-қатер мен проблемаларды, оның ішінде қазіргі кездегі кедергілерді, экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау көрсету жолдарын, ішкі нарықты қорғау мен халықаралық деңгейде экономикалық интеграцияны тереңдету мәселелерін талқылады.

Отырыс барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер Сенаттың заң шығару қызметінде ескерілетін болады. Бұл шаралар еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға және ұлттық экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге бағытталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: сенат
Өзгелердің жаңалығы