Сенаторлар сенбілікке шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары сенбілікке шықты.
"Жоғарғы палата төрағасы Дариға Назарбаева бастаған сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлері дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Бұл жолы көгалдандыру мен абаттандыру орны Мәңгілік ел және Ұлы дала даңғылдарының қиылысы болды", - деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.Мәліметке сай, шара барысында аймаққа жүзден астам терек, қарағай, шаған және бөртегүл көшеттері отырғызылды. Ағаштар мен көшеттер елорданың жасыл белдеуінде орналасқан орман питомнигінен жеткізілді.
Атап өтсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жалпықалалық сенбілікке қатысқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сапарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы