Сенаторлар сауда, бәсекелестік және кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобаларын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда депутаттар Комитеттің жұмысындағы бірқатар заң жобаларын талқылады.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында «көтерме-тарату орталығы» ұғымын кеңейту көзделеді. Құжатта биржалық сауданы дамытуға бағытталған бірқатар түзетулер көзделген. Ал, биржалық сауда қағидаларын әзірлеуді және бекітуді уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігі жүзеге асыратын болады. Аталған заң жобасы арқылыдербес деректерді қорғау да күшейтіледі. Құжатта жеке деректерге қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес сервисі регламенттеліп, көп факторлы аутентификация енгізіледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы кәсіпкерлікке мемлекеттік қатысуды қысқартуды, монополияға қарсы реттеу құралдарын дамытуды, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына және мемлекеттік органдардың сатып алуына тең қол жеткізуді қамтамасыз етуді және басқа да нормаларды көздейді.

Комитет отырысында қаралған заң жобаларының үшіншісі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасы. Ол өз алдына адал бәсекелестікті дамыту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлердің іскерлік беделіне негізделген бизнесті адал, этикалық жүргізуді ынталандыру үшін жағдай жасауға ықпал ететін бірқатар міндеттер қояды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы