Сенаторлар сақтандыру нарығын дамыту туралы заң жобасын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Депутаттар сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын реттеу мен дамытуға, сондай-ақ банк қызметіне қатысты заң жобасын талқылады.

Құжатта жаңа қаржы өнімдерін енгізу, қызметтерді одан әрі цифрландыру, тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау сапасын арттыру көзделіп отыр.

Заң жобасында ұсынылған түзетулер халықты сақтандыру ауқымын кеңейту, сақтандыру қызметіне қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру, осы қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау сапасын арттыру есебінен сақтандыру секторының ел экономикасындағы маңызын арттыруға және сақтандыру нарығы көрсеткіштерінің одан әрі өсуіне ықпал ететін болады, - деді сенатор Жеңіс Нұрғалиев.

Заң жобасында үш негізгі бөлік: сақтандыру секторы, бағалы қағаздар нарығы және банк қызметі қарастырылып отыр.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы