Сенаторлар «Прокуратура туралы» заңды қабылдады

Бүгін өткен Сенат отырысында «Прокуратура туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, Конституциялық заң аудандардан бастап орталыққа дейінгі прокуратураның бүкіл жүйесі мен құзыретін айқындайды.

Бұл конституциялық заң биыл маусым айында өткен республикалық референдум нәтижесінде Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру үшін әзірленді. Құжатқа сәйкес Прокуратураның негізгі мақсаттары адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, ел аумағында заңдылықты қамтамасыз ету болып айқындалды. Осылайша прокуратура органдарының қызметі алғаш рет Конституциялық заңмен реттеліп отыр. Мұндай қадам құқық қорғау жүйесін нығайтуға үлкен үлес қосары сөзсіз, – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенатта «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» заң қабылданғаны туралы жазған болатынбыз.  

Бұл заң жобасына сәйкес, Конституциялық соттың және судьялардың мәртебесі, олардың кепілдіктері мен қамтамасыз етіледі. Ол Конституциялық іс жүргізу тәртібіне арналған. Конституциялық сот еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады. Оның биліктің тармағына жатпайтындығы Конституцияда түпкілікті шешілген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы