Сенаторлар Президенттің туған күніне не сыйлады?

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне ең басты сыйлықтың не екендігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Мемлекет басшысы қарамағындағылардың туған күніне қандай да бір сыйлық жасауына қарсы.

Шын айтамын. Президентіміз (туған күнін – ред.) тойламайтынын айтты. Бұл ақпаратты бәрі біледі, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев жалпы отырыстан кейін Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол сенаторлар тарапынан ең басты сыйлық не болатындығына тоқталды.

Сенаторлар тарапынан біздің ең үлкен сыйымыз – бұл жақсы жұмыс істеп, Президенттің саясатын жүзеге асыру үшін дұрыс заңдар мен нормаларды қабылдау, - деді Сенат төрағасы.

Еске сала кетейік, 17 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толған болатын. Мемлекет басшысы туған күнінде Қытай елінде ресми сапармен ұшып кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы