Сенаторлар кедендік бақылау туралы заңды қарайды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар 28 қыркүйек күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаторлар Палатаның алдағы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. 

Бұл заң Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарын бақылаудың тиімділігін арттыруды көздейді.

Сондай-ақ заң мақұлданса, оның нормалары кедендік декларациялау кезінде мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуге оң әсер етеді және кедендік бақылаудың тиімділігін арттырады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ отырыс кезінде Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы