Сенаторлар халықты алаңдататын мәселелерді тыңдау үшін өңірлерге аттанады
Сенаторлар 29 желтоқсаннан бастап халықпен кездесу үшін өңірлерге аттанады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның отырысында Сенаттың жұмысын қорытындылап, қандай маңызды заңдар қабылданғанын айтып берді.
Құрметті сенаторлар! Жыл аяқталғанымен депутаттық қызметіміз жалғаса бермек. Ертеңнен бастап сіздердің өңірлерге сапарларыңыз басталады. Сапар барысында тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерге баса мән беруіміз керек. Халыққа қабылданған заңдардың маңызын да кеңінен түсіндірген абзал, - деді төраға палатаның жалпы отырысында.
Әшімбаев әріптестеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев сенаторларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, 2024 жыл еліміз үшін құтты, берекелі жыл болуын тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Саяси жаңғыру жылы болды. Әшімбаев Сенат жұмысын қорытындылады
Өзгелердің жаңалығы