Сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ туралы заңды талқылады

Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хаттаманы ратификациялаудың негізгі мақсаты – ЕАЭО шартына құқық қолдану тәжіибесі барысында анықталған құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға бағытталған өзгерістер енгізу, сондай-ақ Шартта қолданылатын терминологияны біркелкі санатқа келтіру болып табылады.

Құжат аясында сонымен қатар үшінші елдерге қатысты стандарттау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы бойынша, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, табиғи монополиялар субъектілерінің бәсекелестігі мен қызметін реттеу жөнінде ЕАЭО комиссиясына өкілеттіктер беру жоспарланып отыр.

Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы