Сенаторлар ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мүшелерімен кездесті

Сенаторлар ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парламент Сенатының депутаттары Евгений Больгерт, Мұрат Қадырбек және Жанна Асанова Еуропа елдерінің қауіпсіздік ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро мүшелерімен кездесті.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Евгений Больгерт Қазақстан дәстүрлі түрде ЕҚЫҰ-мен, атап айтқанда, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюромен ынтымақтастыққа баса назар аударатынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар адам құқықтарын ілгерілету, сайлау процестерін жетілдіру және заң үстемдігін нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігермен қоса ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Екі тарап өзара тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға және ортақ мақсаттарға жетуде тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы