Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3-4 қарашада ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ЕҚЫҰ ПА 19-шы күзгі сессиясына онлайн түрінде қатысты. Онда ЕҚЫҰ аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Тұрақты комитеттің жұмысына қатысты, онда ЕҚЫҰ ПА-ның ағымдағы қызметі мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Депутаттар Ғұмар Дүйсембаев пен Қайрат Қожамжаров сессия аясында Ауғанстанда қалыптасып отырған ахуал тұрғысындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша парламенттік конференцияға қатысты. Сенатор Ақмарал Әлназарова Жерорта теңізі форумына қатысты, оның барысында Мағриб пен Таяу Шығыс елдеріндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қолдау мәселелері қаралды.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы