Сенаторлар еңбек ұжымдарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Қылышбаев пен Аңсар Мұсаханов Алматы облысына жұмыс бабындағы сапары барысында Іле ауданына барды.
«Сенаторлар «Даму» индустриялық-логистикалық орталығындағы «Wilo Central Azia» ЖШС пен «Завод Высокопрочных Кабельных Труб» ЖШС жұмыстарымен танысты», - деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Мәліметке сай, депутаттар кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, парламенттің кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы заңнамалық жұмыстарымен таныстырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәжікстанда алма мен жүзім күндері тойланатын болады
Өзгелердің жаңалығы