Сенаторлар авторлық құқық туралы заң жобасын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі мәлім етті.

2017 жылғы 11 желтоқсанда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің отырысында осы Келісімге қол қойылған болатын. Онда авторлардың, орындаушылардың, фонограмма дайындаушылардың (жасаушылардың), авторлық және сабақтас құқықтарды өзге де иеленушілердің авторлық және сабақтас құқықтарды іс жүзінде жеке түрде жүзеге асыру қиын болғанда немесе мүше мемлекеттердің заңнамаларында осы құқықтардың объектілерін құқық иеленушілердің келісімінсіз, бірақ сыйақы төлей отырып пайдалануға жол берілетін жағдайларда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібін белгілейді.

Мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару салаларында құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды құру мүмкіндігі көзделеді.

Келісімге сәйкес, мүше мемлекеттер өздерінің заңнамасында авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін құқық иеленушінің не ұйымның келісімінсіз пайдаланғаны, ұйымның құқық иеленушіге жиналған сыйақыны төлемегені, аудит және тексеру жүргізу жөніндегі міндеттемені орындамағаны үшін жауаптылық белгілейді.

Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы