Сенаторлар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына назар аударды

Парламент Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Сергей Карплюк Қостанай облысының Наурызым және Амангелді аудандарына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаторлар аудан тұрғындарымен кездесу барысында әлеуметтік мәселелерді талқылап, ауылдарды тиісті инфрақұрылыммен жабдықтау деңгейімен танысты.

Сондай-ақ парламентшілер жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның негізгі мақсаттары, алдағы заң шығару қызметі және Мемлекет басшысы берген азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы айтып берді.

Мемлекет қана емес, оның барлық басқару деңгейлері, сонымен қатар жеке құрылымдар, қоғам ауылдағы әл-ауқаттың дамуы мен артуы үшін жауапкершілікті бөлісуге тиіс, – деп атап өтті Жеңіс Нұрғалиев.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары Наурызым ауданында оқу-жаттығу сабақтары мен халық арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, сондай-ақ Амангелді Имановтың ескерткішін реконструкциялау қажет екенін айтты.

Сонымен қатар Жеңіс Нұрғалиев пен Сергей Карплюк автомобиль жолдарын жөндеу барысымен танысты және Шолақсай өлкетану мұражайы мен мәдениет үйінде болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы