Сенаторлар әскери бөлімінің жағдайымен танысты
Асқар Шәкіров бастаған Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ұлттық ұланның елордадағы 5573 әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлық деңгейімен, сондай-ақ әскери бөлімнің материалдық-техникалық жарақтандыру жағдайымен танысу – шараның негізгі мақсаты болды.
Жиын барысында сенаторларға бригаданың қызметтік-жауынгерлік қызметінің мақсаты мен әскери бөлімнің атқаратын міндеттері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, депутаттарға тұрмыстық жағдай, қоғамдық тәртіпті қорғаудағы әскери қызметке дайындық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қызметтік иттерді пайдалану тәртібі көрсетілді.
Жиын барысында көтерілген мәселелердің барлығы сенаторлардың назарында болады, сондай-ақ депутаттардың одан әрі заң шығару қызметінде пайдаланылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы