Сенатор: Жолдау - елдегі болып жатқан реформалардың бір тармағы

Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі болып жатқан реформалардың бір тармағы мен бағыты. Кезекті Жолдауында Президент Қазақстанның дамуының экономикалық саясатының жаңа моделін әрі қарай қалай дамыту қажеттігін айқындап берді. Әрине, бұл – халықтың көкейінде жүрген мәселе. Шартты түрге бөлетін болсақ, бірінші сұрақ – экономиканы дамытуда қандай кедергілерді жоюымыз керек деген мәселеге назар аудару қажет. Энергетикалық қауіпсіздік, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, су, газ. Еліміздің дамуының қауіпсіздігіндегі басты мәселелердің бірі осылар. Оны қалай шешу қажет, қандай құрылымдар құрылуы қажеттігі Жолдауда айтылды, - деді сенатор.

Айтуынша, Жолдауда айтылған мәселелер депутаттарға халықпен кездесу барысында таныс.

Екінші мәселе – әрі қарай экономикамыздың драйвері не, оны қалай дамытамыз? Шағын және орта бизнес, қаржы мәселесімен қалай күресеміз? Бұл екі сұрақ та Жолдауда көрініс тапты. Бұл – жақында елге барып, жұртшылықпен кездесу өткізгенде де халық тарапынан айтылған мәселелер. Бүгін Президент оны шешудің жолдарын көрсетті. Біз – Парламент депутаттары өз тарапымыздан Мемлекет басшысының осы бастамасын сапалы заңнамамен қамтамасыз етуіміз керек, - деп атап өтті Сүйіндік Алдашев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы