Сенатор жолдағы адамдардың өліміне қатысты мәселені көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Ақмарал Әлназарова Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, еліміздің жолдарындағы апат салдарынан адамдардың жарақаттануы мен қаза табуына байланысты болған күрделі жағдайларды көтерді.
Сенатордың сөзінше, 2022 жылдың қаңтар айынды жолдарда қаза болғандардың саны 166 жағдайды құрап, былтырға қарағанда 54%-ға өскен. 2021 жылы зардап шеккендердің жалпы саны 40 593 адамды құрады. Бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 30%-ға артық.
Депутаттың пікірінше, бұл жол инфрақұрылымының сәйкес келмеуінен, жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі бақылаудың нашарлығынан, полицейлердің алғашқы медициналық көмек көрсетудегі практикалық дағдыларының жеткіліксіздігінен болып отыр. Жолдардағы осындай жағдайдың бәрі елдің демографиялық дамуына қауіп төндіреді.
2019 жылдан бастап ІІМ құзыретінен жүргізуші куәліктерін алуға емтихандарды өткізу бойынша функциялар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Осы кезең ішінде берілген жүргізуші куәліктерінің саны 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өскен. Қазіргі уақытта елімізде жүргізушілерді даярлау бойынша 705 оқу ұйымы жұмыс істейді, - деп айтты Әлназарова.
Оның сөзінше, бақылау функциялары ІІО құзыретінен шығарылған сәттен бастап олардың барлығы мемлекет тарапынан бақылаусыз қалып, өзін-өзі реттеуге көшті.
Жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім бойынша әлемдік рейтингте 100 мың тұрғынға шаққанда Қазақстан 10,4 қаза тапқандардың көрсеткішімен 107-орында тұр. Халықаралық сарапшылар жол-көлік оқиғаларынан болатын еліміздің экономикалық шығындары жалпы ішкі өнімнің 3% көлемінде деп бағалаған, соңғы 5 жылда 1 971 адам, - деді сенатор.
Ақмарал Әлназарова жол-көлік жарақатының алдын алатынымызға сенімді, бірақ бұл жүйелі және кешенді шараларды талап етеді. Жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығының басымдығы және қатерді азайту жол жүрісінің негізгі қағидаты болып қалуға тиіс.