Сенатор жер асты суының ластану проблемасын шешуді бақылауда ұстайтын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Бекболат Орынбековтің аймаққа сапарындағы негізгі мақсаттардың бірі – Жамбыл ауданындағы бес елді мекеніндегі жер асты суының ластану мәселесін шешу болды. Жамбыл облысы әкімдігі мен "Жамбыл-Су" компаниясының өкілдері жағдайды жергілікті жерде талқылау үшін шақырылды.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сенатор кездесу барысында аймақ тұрғындары айтқан осы мәселені Министрлер Кабинеті басшылығының атына жолдаған депутаттық сауалында Үкімет алдында көтергенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығына тиісті алқаптар батпақтанып барады және жыл сайын су астында қалып кетіп отыр. Қалыптасқан экологиялық жағдайды тез арада шешу үшін менің бастамам бойынша Сенат депутаттары тобының атынан ҚР Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолданды. Қазір бұл мәселе Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен облыс әкімінің тұрақты бақылауында, - деді Бекболат Орынбеков.

Осыған байланысты облыс әкімдігіне және кәсіпорын өкілдеріне қосымша карталар әзірлеу және жұмыс істеп тұрған тұндырғыштарды тазалау мәселесін қысқа мерзімде шешу тапсырылды.

Бекболат Орынбеков сапар барысында Жамбыл ауданының 13 елді мекенін газдандыру жұмысының барысымен танысып, бюджет қаржысының толық бөлінбеуіне байланысты газға әлі қосылмаған Ащыбұлақ ауылының тұрғындарымен де кездесті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы