Сенатор Қызылордадағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сенатор Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге қаладағы және қалаға қарасты бірнеше әлеуметтік объектілерді аралап шықты.

Бұл туралы сенатор Мұрат Бақтиярұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Республикалық бюджеттен Жол карталары бағдарламарына сәйкес барлық өңірлерге 1 трлн қаржы бөлінген болатын. Қызылорда облысы осыдан 36 млрд қаржы алып, оны қала мен аудандарға бөліп берген. Қала 18 млрд теңге алған екен. Бұл қаржының мақсаты – жол, мектеп, аурухана, емхана, мәдениет үйлерін ағымдағы және күрделі жөндеу, аулалар мен елді мекендерді абаттандыру сияқты жұмыстарды іске асыра отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты жұмыспен қамту. Қараөзек, Талсуат ауылдық округтерінде, Тасбөгет кентінде салынып жатқан жолдардың сапасы көңілден шықты. Темір жол стадионы, И. Әбдікерімов атындағы агроколлежд ғимараты күрделі жөндеуден өтуде, – деп жазды сенатор.

Осы аталған жұмыстарға 300-ден астам адам жұмысқа тартылған. Жалпы осы жұмыстардың сапалы жүруіне қоғамдық комиссия үнемі бақылау жүргізіп отырады.

Мені жұмыстың сапасы қанағаттандырды. Ең бастысы, бөлінген қаржы ұрланбай мақсатты жұмсалуында ғой. Іс сапар барысында елдегі барлық қалаларды көріп жүрміз. Бірақ мен үшін туған қаламыздың орны ерекше. Қаламыз жылдан-жылға жақсарып, абаттандырылып келе жатқанын ешкім жоққа шығара қоймас. Қала – бәріміздің ортақ үйіміз! Таза ұстайық, жасаған дүниелерді сындырып, бұздыруға жол бермейік, – деп сөзін қорытындылады ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы