Сенатор ұшақ билеті туралы: Қарапайым халық түгілі, бізге қымбат

Сенатор Амангелді Толамисов еліміздегі ұшақ билеттерінің қымбаттауы қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы депутат Сенаттағы Комитет отырысында мәлімдеді.

Айта кетерлігі, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында ішкі жолаушылар авиатасымалдарына байланысты проблемалық мәселелер талқыланды.

Air Astana компаниясына тексеріс жүргізілгені айтылды. Баға неліктен негізсіз көтеріледі? Алайда іс жүзінде оларды тек жауапкершілікке тартып, жұмыстан босатумен шектелесіздер. Бірақ негізсіз өсірілген бағаны түсіру талап етілген жоқ. Не себепті баға бұрынғы қымбат қалпында қалды? Бұл халықтың қалтасына тиеді. Тіпті бізге де қымбат. Қанша рет жұмыс бабымен билет алғанда қалтамызды қақты. Кейде шұғыл ұшу қажет жағдайлар болады, - деді сенатор Амангелді Толамисов отырыста Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігінің басшысына қарата.

Агенттік директоры Нұргүл Жаманованың айтуынша, бағаның өсуіне жанармай алымы себеп болған.

Осы орайда заңнамалық тұрғыда жанармай алымы қарастырылған. Бұл бағаның өсуіне себеп болды. Сондықтан оны заңнамадан алып тастау бөлігіне өзгерістер енгізу ұсынылды, - деп жауап берді Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігінің директоры Нұргүл Жаманова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы