Сенатор туризмді дамыту үшін теңіз вокзалын салуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырсында сенатор Нариман Төреғалиев «Қазақстандық ішкі туризмді дамыту - уақыт талабы» тақырыбындағы парламенттік тыңдауға дайындық аясында және Маңғыстау облысына сапар қорытындысы бойынша Премьер-министр Асқар Маминнің атына өңірдегі туризмді дамыту туралы депутаттық сауал жолдады.
Сенатор Маңғыстау облысының туристік аймақтарында 1 100 шақырымнан астам жолды күрделі жөндеу және қайта жаңарту қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар өңірде құрғақ жүктер мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған «Ақтау теңіз сауда порты» және «Құрық» порттары бар. Олардың екеуі де ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады.
Алайда, олар тек жүк тасымалдау бағытына арналған. Ал жолаушы кемелерін қабылдаудың мүмкіндіктері қарастырылмаған.
Өңірде туризмді одан әрі дамытуға серпін беру үшін жолаушылар теңіз вокзалын салу қажет. Жалпы, теңіз вокзалының салынуы туризммен бірге, өңірдің экономикасына жаңа серпін беретіні сөзсіз, - деді сенатор Нариман Төреғалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенаторлар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы