Сенатор туризм саласын дамыту шаралары туралы айтты

Сенатор Айгүл Қапбарова туризм саласын дамыту шаралары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор Айгүл Қапбарова еліміздегі туризм саласын дамытуды тежейтін проблемалар туралы өзінің депутаттық сауалында айтып берді.

Депутаттың айтуынша, туристік саланы дамытуда бірізділік пен сабақтастық жоқ, қонақ үй инфрақұрылымының дамуы артта қалған, интернет сапасы мен туристік қызметтерді цифрландыру деңгейі әлі де төмен, ал мемлекеттік қолдау шаралары тиімсіз. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша 92,3 млн теңге қаржылық бұзушылықтар, 1,5 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталған. Енді туризм саласына бөлінген жылдық қаражаттың өзі бар болғаны 5,1 млрд. құрайтынын ескерсек, атқарылып жатқан жұмыстардың деңгейін шамалауға болады.

Облыс әкімдерінің қызметін бағалау рейтингісіне туризмді дамыту бойынша көрсеткіш енгізу керек. Өңірлерде туризм бойынша жекелеген басқармалар құру керек. Жергілікті атқарушы органдарға елді мекендерден тыс және ұлттық парктер аумағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бойынша құзырет беру керек. Жоғарыда аталған шаралар Қазақстанда туризмді дамытуға ықпал ететін қауіпсіз және тұрақты инфрақұрылым үшін негіз болады деп санаймыз, - деді Айгүл Қапбарова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы