Сенатор: Топан су келгенде, күш пен қаражат жетпей қалады

Бұл туралы сенатор Асқар Шәкіров Сенатта өтіп жатқан Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіндегі мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін біз елдегі су тасқыны жағдайын талқылау үшін жиналдық. Бұл Комитеттің жыл сайын көтеретін маңызды мәселелердің бірі. Соңғы жылдары Қазақстандағы әр көктем дерлік жойқын су тасқынымен бірге жүреді. Ондаған құрбандар, мыңдаған зардап шеккен жандар, әсіресе ауыл тұрғындары зиян шегуде. Атқарушы билік жыл сайын төтенше жағдайларға дайындық туралы есеп береді, бірақ топан су келгенде, күш пен қаражат әрдайым жеткіліксіз болып жатады. Содан кейін салдарды жоюға әдеттегідей орасан зор бюджет қаражаты жұмсалады, - деп атап өтті депутат. 

Сонымен қатар ол жиынның мақсатына тоқталды.

Кездесудің мақсаты – құрылыстардың өткізу қабілетін қамтамасыз ету мәселелерімен, иесіз гидротехникалық құрылыстарды коммуналдық меншікке беру мәселесі қалай ілгерілеп келе жатқандығымен, қаражат жеткілікті ме және су қоймаларының толуына тұрақты бақылау жүргізу кезінде қандай проблемалар бар екендігімен, гидрометеорологиялық қызметтердің жағдайы қандай, су басу қаупі бар учаскелерде елді мекендерді заңсыз салу мәселесі қалай жүріп жатыр және басқа да мәселелермен танысу. Сонымен қатар, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында биылғы жылы Алматы мен Алматы облысы су басу қаупі жоғары өңірлер тізіміне енгізілгені атап өтілді, соның ішінде нөсерлі кәріз жүйесі мен арық желілерінің нашар дамуына байланысты. Жалпы бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде, - деді Асқар Шәкіров. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы