Сенатор темекі бағасының қымбаттауы туралы: Ақша қайда жұмсалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутат Сергей Ершов қазақстандықтар амалсыздан енді заңсыз темекі сатып ала бастайды деп санайды. Өйткені темекіге деген акциз ставкасы он еседен астамға өскен. Ол сонымен қатар акциздердің өсуінен түсетін табыс қайда жұмсалатынына қызығушылық білдірді.

Әрине, темекі нан емес, ол маңызды өнімдерге жатпайды. Әсіресе, өзімді темекі шегудің жақтаушысы санамаймын. Алайда, бұл біздің азаматтарымыздың белгілі бір бөлігі үшін қажет. Бір қорап темекінің бағасы өсіп, халықтың табысы бұрынғы деңгейде қалып отырған жағдайда, шығынның одан әрі өсуі заңсыз сауда үлесінің едәуір артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан сөзсіз күмәнді сападағы арзан контрафактілік өнімдерді тұтыну, бұл азаматтардың денсаулығының нашарлауына алып келеді, - деді Ершов Сенат отырысында.

Депутат мәжбүрлі түрде контрафактілік өнімдерді шегу басқа ауруларды тудыратынын, оларды емдеу мен қалпына келтіру белгілі бір қаржылық шығындарды қажет ететіндігін айтты.

Біздің азаматтарымыздың әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін осындай халықаралық құжаттарды ратификациялау салықтық түсімдердің осы түрін пайдалануда мақсатты болуы керек. Бізге мемлекет, тұтынушылар мен бизнес мүдделерінің оңтайлы тепе-теңдігін сақтай отырып, күтілетін әлеуметтік-экономикалық салдар мен мүмкін болатын тәуекелдер туралы байыпты зерттеу жұмыстары қажет, - дейді депутат.

Оның айтуынша, кейінгі бірнеше жылда ЕАЭО аясындағы көптеген тауарға қандай да бір мөлшерлеме мен акциздерді үйлестіру барысында акциздік салық салу айтарлықтай өсті. 

Олардың қатарында бензин, дизель отыны, жеңіл автомобильдер, алкоголь және темекі өнімдері бар. Мәселен, бензинге акциз ставкасы 2 еседен астам - 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін, темекіге - 1 000 теңгеден 11 100 теңгеге дейін, яғни 10 еседен аса өсті,- деді Ершов.

Сенатор акциздер ұлғайғанда бюджетке салық түсімдері де сол бойынша едәуір ұлғаюы тиіс екенін атап өтті.

Бұл тиісінше қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатында көрініс тауып, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге әсер етуі керек. Дегенмен, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасының күрт көтерілуінен басқа, акциздік мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты отандастарымыздың материалдық әл-ауқатында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Осы жерде «Акциздердің өсуінен түскен табыс қайда жұмсалады, қайда кетеді?» деген сұрақ туындайды, - деді депутат.

Ол бұл мәселеде салық түсімдерінің осы түрлерін пайдалануда оның кімге арналатыны мен нысаналық сипаты болатыны туралы қағиданы енгізу керек. 

Бұл осы қаржыны нақты алушыларға, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына және белгіленген бағыттар бойынша бөлуді көздейді. Бұл қазіргі акциздік салық салу жүйесінің қаншалықты әділ екенін анықтауға, сондай-ақ оларды қолдану жөн екенін түсінуге мүмкіндік береді, - деді Сергей Ершов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы