Сенатор Шымкентте мәдени саланы дамыту мәселесін талқылады

Сенатор Айгүл Қапбарова Шымкент қаласында мәдени саланы дамыту мәселесін талқылады, депхабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына сапары барысында «Конгресс-холл» көпфункционалды мәдени орталығының қызметімен танысты. Онда халықтың барлық топтарына мәдени шараларға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шығармашылық жастарға жағдай жасау мәселелерін ұжыммен бірге талқылады.

Сенатор түрлі қоғамдық шаралар, конференциялар, фестивальдар мен концерттік қойылымдар, сондай-ақ мультимедиялық жабдықтар өткізуге арналған Конгресс-холлдың мүмкіндіктерімен танысты.

Кешенде сонымен қатар қолөнершілер орталығы мен шеберхана, сондай-ақ дайын бұйымдарға арналған көрме алаңы, қолөнер тарихымен танысуға арналған мультимедиялық кабинет және қазақтың ұлттық биі мен музыкалық қойылымдарға арналған үлкен залдар жұмыс істейді.

Мәдени нысанның құрылысы Президенттің тапсырмасы бойынша республикалық бюджет қаржысы есебінен басталған болатын. Шымкент біртіндеп халықаралық деңгейде танымал қалалардың біріне айналып келеді. Қаланың мәдени өміріне елеулі серпін беретін, оның инвестициялық тартымдылығын арттыратын, туризмнің дамуына оң әсер ететін және Шымкентте кәсіби әртістердің көбеюіне кең мүмкіндік ашатын осындай заманауи және ауқымды кешен қалаға қажет болып отыр, - деді Айгүл Қапбарова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: сенат
Өзгелердің жаңалығы