Сенатор Польша Республикасының еліміздегі Уақытша сенімді өкілімен кездесті
Депутат Бибигүл Жексенбай Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүздесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту және саяси, экономикалық, мәдени салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерінің маңыздылығы атап өтілді.
Сенатор Польша Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды әріптесінің бірі екенін және соңғы жылдары екіжақты қатынастардың айтарлық нығайғанын атап өтті. Кездесу барысында, әсіресе, парламентаралық құрылымдар аясындағы өзара белсенді іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Депутат Қазақстан мен Польша арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту әлеуетінің зор екенін және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету қажеттігін атап өтті. Өйткені, Қазақстандағы поляк диаспорасының рөлі өте маңызды. Екі елдің Қазақстандағы поляк мәдениетін сақтау мен дамытуға бағытталған белсенді байланыстары, оның ішінде Польша одағы арқылы атқарылатын жұмыстың маңыздылығы туралы айтылды.
Кездесу барысында парламентаралық диалог пен білім беру, экономика мен экология саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Су шаруашылығы мен экологиялық таза технологияны енгізу мәселелері маңызды тақырыптың бірі болды.
Тараптар кездесу соңында өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін нақтылады.