Сенатор Осакаровка ауданына Әлімхан Ермековтің атын беруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Қарағанды облысына қарасты Осакаровка ауданын Әлімхан Ермековтің атымен атауды ұсынды.
Депутат бұл ұсынысын әлеуметтік желіде жариялады.
Қазақтың ұланғайыр жерінің әр телімі мен сілемін қорғап қалған азаматқа Осакаровка ауданын берсе жараспай ма?! Әлиханға Октябрь ауданын беріп жатыр. Әлімхан Ермековтің есімін ескірмей тұрған Осакаровкаға беру - елдік іс болар еді!, – деп жазды сенатор Нұртөре Жүсіп.Бұған дейін Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Тәуелсіздік тойының басты шарасы ретінде Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханның атын беру екендігін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балаева Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқыды
Өзгелердің жаңалығы