Сенатор Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының І форумына қатысты
Сенатор Дархан Қыдырәлі Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының І форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі «Орталық Азия тарихы: халықтар мен мәдениеттер диалогы» тақырыбына арналған Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының бірінші форумына қатысып, ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Дархан Қыдырәлі өз сөзінде ғылыми дипломатияның маңыздылығын айтып, ғылым шекараны білмейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол Орталық Азияның ортақ тіл, ұқсас тағдыр, ортақ тарихи тамырмен біріктірілген ортақ тарихын жазу қажет екеніне назар аударды.
Сонымен қатар сенатор форумға қатысушыларды бірлескен археологиялық зерттеулер жүргізуге, этнографиялық экспедициялар ұйымдастыруға және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға шақырды.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылып жатыр. Оған Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген тарихшылар қатысуда.