11 Желтоқсан 2023 2023, 17:10
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі
Сенатор мүгедектік мәселесі жөніндегі форумға қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева АСЕАН-ның мүгедектік мәселесі жөніндегі форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева АСЕАН-ның мүгедектік мәселесі жөніндегі форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенатор форумда Азия-Тынық мұхиты аясында мүгедектігі бар әйелдердің қызметіне қарқын беру мәселесін әріптестерімен талқылады және мүгедек әйелдер мен қыздардың проблемалары жөніндегі 1-ші конгрестің жұмысына қатысты.
Шараға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен қыздар тап болатын проблемалар туралы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларда мемлекеттік инклюзивті саясатты ілгерілету мәселесі және мүгедек әйелдердің азаматтық, саяси құқықтары туралы айтты.