Сенатор коронавирустың екінші толқынан сақтану шараларын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, журналист Нұртөре Жүсіп коронавирус індетінің екінші толқынынан сақтану шаралары жайлы айтты.
"Екінші толқын" алдында не істеген жөн? Бірінші, шетелден келетін азаматтардың бәрін тексерістен өткізу керек. Естеріңізде болса, біздің елге ауру шет елдерге барып келген жандардан тарады. Екінші, ел ішінде өткізілетін кез келген той-томалақ, отырыс, жиын 1 сағаттың ішінде өтіп бітуі керек. Отырыс неғұрлым созылған сайын ауру жұқтыру көбею қаупі жоғары болады. Үшінші, жаппай жөн-жосықсыз жүруге шектеу болғаны дұрыс. Барынша оқшаулану режимі сақталуы тиіс! - деп жазды сенатор өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Цой: 12 инфекциялық аурухананың құрылысы басталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы