Сенатор Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

2023 жылғы қаңтардың аяғында жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімованың қайтыс болғаны хабарланды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгін қылмыстық істің жабылғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Патриот" таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл туралы Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов айтқан.

Гүлмира Кәрімованың кенеттен қайтыс болуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Осы істі қадағалаған прокурор бұл шешімді бекітті, - деп түсіндірді Қуаныш Орынбетов.

Еске салсақ, жаңадан сайланған сенатор 45 жастағы Гүлмира Кәрімова 2023 жылғы 27 қаңтарға қараған түні қайтыс болды. Кәрімоваға "анафилаксиялық шок" диагнозы қойылды. Алайда 28 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі өлімге жіті миокард инфарктісі себеп болғанын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы