Сенатор германиялық делегаттармен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева құрамына Зонтхофен қаласындағы учаскелік сот төрағасының бірінші орынбасары Кристиан Рох, жастар ісі жөніндегі мекеменің өкілі, әлеуметтік саланың қызметкері Керстин Бекманн енген Германия делегациясымен кездесті.
Жүздесуге еліміздің Жоғарғы сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова қатысты.
С.Айтпаева кездесу барысында Парламент Сенатының заң шығару қызметі туралы әңгімеледі. Сенатор біздің елімізде жүзеге аса бастаған «Отбасылық сот» жобасы туралы хабардар етіп, өткен жылдың қараша айында Жоғарғы Соттың жалпы отырысында балалар құқықтарын қорғау жөнінде бірқатар қаулылар қабылданғанын атап өтті.
Меймандар өз кезегінде Германиядағы отбасылық соттың тәжірибесімен бөлісті. Олар отбасылық құқық ерекшелігіне, отбасы және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот қызметтері арасындағы айырмашылықтарға тоқталды. Жүздесушілер балалардың құқықтарына қатысты дауларды шешу туралы пікір алмасты.
С. Айтпаева кәмелетке толмағандарға қатысты әділеттілік мәселелері бойынша халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, кездесуге алғысын білдірді және екі ел арасындағы сындарлы ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша 1100 пәтер пайдалануға беріледі
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы