Сенатор елорданың полиция департаменті қызметкерлерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы мен қалалық әкімдіктің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болып, басқарма және орталық қызметкерлерімен кездесті.
Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы мен қызметкерлері сенаторға құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Андрей Лукин өз кезегінде Палатаның заңнамалық жұмысы туралы кездесуге қатысушыларды жан-жақты хабардар етті.
Депутат сонымен қатар «Қамқор» орталығында көрсетілетін қызметтермен, оның материалдық және техникалық жабдықталуымен танысты.
Сенатор кездесу соңында өткізілген шаралар үшін алғыс айтып, бәрінің жұмысы жемісті болуына тілектестігін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысындағы екі ауыл «Үздік 30 ауылдың» қатарына енді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы