Сенатор: Елбасы алдағы 10 жылда ел дамуының негізгі бағытын белгіледі

Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық пен мемлекеттік биліктің тұтастығы мен кепілі ретінде Конституцияның, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының негізін құрайтын қағидалардың мызғымастығын кезекті мәрте дәлелдеді.

«1995 жылы Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең басты құндылықтары болып табылады. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту және Қазақстанның әлеуметтік-бағдардағы мемлекет ретінде дамуы басты міндет болып табылады және Елбасы оны ұдайы айрықша назарда ұстап келеді. Бұл мақсатқа тек Ұлттық қордан 2019-2021 жылдары 1 триллион 350 миллиард теңге бөлінеді», - дейді Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков.

Мемлекет басшысы республиканың дамуындағы жаңа кезеңді бастай отырып, халықтың қамтылуы төмен топтарын қолдау және табысы аз азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу жөнінде бірқатар ұсыныстарды атап өтті.

«Мәселен, атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие балалы отбасыларды мақсатты түрде қолдау үшін көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға 21 мың теңгеге жуық ақы төленеді. Сонымен қатар, осындай отбасылардың жалпы табысын есептеу кезінде жекелеген жәрдемақылар, оның ішінде, көп балалы отбасылар мен көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, балаларға арналған мүгедектік жәрдемақы, стипендиялар есептеуден алынып тасталады. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, отбасылар мен қамқоршыларға көтеріңікі жәрдемақы берілетін болады. Қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын одан әрі арттыру мақсатында Мемлекет басшысы бюджет саласында еңбек ететін қызметкерлердің еңбекақысын 30 пайызға дейін көтеруді тапсырды, бұл 1 миллионнан астам азаматтық саланың қызметкерлерін қамтиды. Сондай-ақ, облыстық және аудандық деңгейдегі атқарушы органдардағы төменгі деңгейдегі қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 25 пайызға көбейеді»,- дейді сенатор.

Дәрігерлік көмек көрсету сапасын жақсартуға назар аударылады.

«Әлемдегі дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, денсаулық сақтау және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын шығындар ұлғайтылады. Еліміздің барлық аумағында өмір сүру сапасын жақсарту үшін аймақтық саясатты іске асыру көзделіп отыр. Ол облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға және аймақтық көлік инфрақұрылымын нысандарын жаңғыртуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Тұрғындарды сумен, газбен қамтамасыз ету және электрмен жабдықтау секілді өткір проблемалары біртіндеп шешілетін болады.

«Осы жобалардың бәрінде де ауыл тұрғындары назардан тыс қалмайды. Мемлекет басшысы алдағы 10 жылда елдің әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын белгіледі. Айтылған шаралардың бәрі партияны дамытудың жаңа бағдарламасында көрініс табатын болады. Депутаттар Елбасының халықтың экономикалық өсуін және өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін бастамаларын заң жүзінде бекемдеу үшін ауқымды жұмыстарды атқаратын болады», - дейді сенат депутаты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы