Сенатор: Азаматтардың проблемалық мәселелерін шешуге тырысамыз
Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов Ақмола облысындағы аудандардың тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Депутат Бұланды ауданындағы Қараөзек ауылында тұрғындарымен кездесу кезінде Аққайың ауылындағы су құбырын күрделі жөндеу және жаңғыртуға қажетті қаржы бөлудің ықтимал тетіктерін ауыл талқылады. Кездесулер барысында халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін осы мәселелерді жедел шешу қажеттігі атап өтілді.
Бурабай ауданында Нұрлан Бекенов бірқатар маңызды жобаларды іске асыру барысымен танысты. Олардың қатарында Щучинск қаласында жылу желісін салу, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алу, сондай-ақ Наурызбай батыр ауылындағы су құбырының құрылысы да бар.
Нұрлан Бекенов бұл жобалардың маңыздылығын атап өте келіп, оларды іске асыру жергілікті халықтың өмір сүру сапасын едәуір жақсартатынына сенім білдірді.
Біз сапалы тұрғын үй жағдайы, тұрақты жылумен қамтамасыз ету және таза ауыз суға қол жеткізу адамдарға қаншалықты маңызды екенін білеміз. Өңірлермен бірге жұмыс атқара отырып, біз әрбір тұрғынның ертеңгі күнге деген сенімін ояту үшін бүкіл проблемалық мәселелерді шешуге тырысамыз, - деді сенатор.