Сенатор Ақмарал Әлназарова халықаралық конференцияға қатысты
Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік зерттеулер» тақырыбы бойынша Әзербайжанда өткен халықаралық конференцияға Қазақстан делегациясын бастап барды.
Сенатор Ақмарал Әлназарова конференцияда сөз алып, осы бағыт бойынша Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Биыл Қазақстан Парламенті Әлеуметтік кодексті қабылдады, онда әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі белгіленді. Әлеуметтік қызмет саласында 12,4 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етеді, одан бөлек білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында 6 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы жарияланған балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді, - деді сенатор Әлназарова.
Әлеуметтік қызметкерлердің маңызды рөліне арналған осы конференцияны Вашингтондағы Сент-Луис университетінің Әлеуметтік даму орталығы, Баку университетінің Әлеуметтік жұмыс факультеті, сондай-ақ Әзербайжан Әлеуметтік қызметкерлер қауымдастығы ұйымдастырды.