Сенатор аграршылармен субсидия алу мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов Ақмола облысына сапары аясында ауыл шаруашылығы мен мамандандырылған және коммуналдық техника құрастыратын және жеткізумен айналысатын Қазақстандық агроинновация корпорациясында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенаторға осындағы мамандар кәсіпорын бүгінгі таңда елімізде машина жасау саласында жетекші орынға ие екендігі, сондай-ақ жасалатын техника өндірісі мен түрлерін көбейту жөнінде жұмыстар ұдайы жүргізіп келе жатқаны туралы айтып берді.

Депутат астық жинау комбайндары мен топсалы-буынды жоғары дәрежеде тарта алатын тракторларды лицензиямен құрастыратын қосымша екі өндіріс бөлігінің құрылысын аяқтау маңызды болып отырғанын атап өтті.

Мұнда дәнекерлеу, бояу, астық жинауға арналған құралдар мен тасымал арбаларын жонып-кесу сияқты технологиялық процестердің жүзеге асатыны жөн екен. Бұл бөлік ең озық заманауи жабдықтармен жабдықталады. Бұл бізді қуантады, - деді сенатор.

Сенатор Нұрлан Бекенов сонымен қатар осы кәсіпорынның жұмысшыларымен де кездесіп, ауыл шаруашылығының проблемаларын талқылады. Кездесу барысында субсидия алу, білікті кадрлардың жетіспейтіні туралы мәселелер көтерілді. Сенатор өз кезегінде қызметкерлер көтерген мәселелер өңір басшылығымен талқыланатыны туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы