19 Наурыз 2022 2022, 16:01

Сенатор Әбдікеров қарағандылықтармен өзекті мәселелерді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысының Шахан ауылында көмір өндіруді одан әрі дамыту перспективаларын өңір тұрғындарымен талқылады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында өңірдегі кәсіпорындарда көмір өндіру бойынша инженерлік-геологиялық жұмыстарды жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар қарағандылықтар сенатор алдында өз аймағындағы ең өзекті мәселелерді шешудің маңыздылығын, оның ішінде электр энергиясына жоғары тарифті, «Қарағанды-Саран-Шахтинск» автожолын күрделі жөндеуді аяқтау қажеттілігін және «Шахан-Молодецкое» автожолында көпір салу қажеттігін атап өтті. Тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құру үшін Шахан кентінде өнеркәсіп өндірісін ашу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ, - делінген хабарламада.

Рысқали Әбдікеров тұрғындармен кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған реформалары туралы да айтты.

Сол күні сенатор азаматтарды жеке қабылдады. Барлық айтылған сұрақтар мен ұсыныстар депутаттың бақылауына алынды.