Сенатор Ақмола облысындағы сот жұмыстарымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен Ақмола облысының соттарында болып, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды реттеу институттарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу аясында олардың қызметімен танысты.
Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров сот қызметімен таныстырып, "Медиация туралы" заңын жүзеге асыру жөніндегі атқарылған жұмыстар мен өңірдегі медиация институтын дамыту, сондай-ақ еліміздің Жоғарғы Сотының "Татуласу: сотқа дейін, сотта" пилоттық жобасы аясында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы хабардар етті. Соттардағы татуласу кабинеттері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Достық үйіндегі татуласу орталықтары, кәсіподақ орталығы, облыс аудандары мен Билер кеңестері және мектеп медиация қызметі туралы айтылды.
2018 жылы Ақмола облысының соттары медиацияны қолдану арқылы 3339 іс қаралды, ол 9,4 пайызды құрады, ал ағымдағы жылдың 9 айында 3045 іс немесе 11,2 пайызы қаралды. 123 би кеңесі құрылып, олардың қатысуымен 331 іс қаралды.
Сапар барысында Көкшетау қалалық сотына және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта татуласу рәсімдер бойынша үйлестіруші-судьялармен, адвокаттармен, медиаторлармен, нотариустармен, психологтармен және басқа да мамандармен кездесу болды.
Үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен кездесу барысында "Медиация туралы" заңға түзетулер әзірлеуге байланысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ қазіргі өзекті мәселелер мен оларды шешу мүмкіндіктері, сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар айтылды.
Жүздесуге қатысушылар татуласу рәсімдерді және дауларды реттеудің балама әдістерін қалыптастыру мәселелері бойынша түзетулерді әзірлеудің маңызды екенін атап өтті.