Сенат Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатты

Сенат отырысында Жоғарғы соттың судьясы Берік Нәжімеденов қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Президентінің Жоғарғы сотының судьясын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасы, "ҚР Парламенті және оның дептутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-бабына, "ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, Комитет Парламент Сенатына Берік Төлеутайұлы Нәжімеденовті басқа қызметке тағайындалуына байланысты ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады, - деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров.

Депутаттар бірауыздан ұсынысты қолдап, Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатты.

Айта кетейік, Сенаттың айрықша өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және қызметтен босату жатады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы