Сенат: Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың бірнеше судьясы қызметінен босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп мәлімдеді.

Сіздердің қарауларыңызға Сембек Баймахановты, Өміртай Ибраев мен Ұлболсын Сүлейменованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьяларының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді, - деді Денис Шипп.

Белгілі болғандай, судьялар зейнетке шығуларына байланысты орындарын босатты.

Барлық судья зейнет жасына жетті. Олардың судьялық тәжірибесі мол – 28 жылдан 37 жылға дейін. Судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие.

Баймахановты, Ибраевты және Сүлейменованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьялары лауазымынан босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз, - деді төраға.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы