Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

Сенат отырысында зейнет жасына жеткен Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышев зейнет жасына жетті. Олар судьялар қоғамдастығында беделді маман ретінде танылды. Атап айтқанда, Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевтың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынымға қолдау білдіруді сұраймын, - деді Дмитрий Малахов.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы