Сенат ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенаты депутаттары ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялады. Заң жобасын ҚР сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов таныстырды.
Шарт бұрын тыйым салынбаған жаппай қырып-жою қаруларының соңғы түрі – ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат. Өз кезегінде ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салу ядролық қарудың толық жойылуы үшін қажетті алғашқы қадам ретінде қарастырылып отыр.
"Шарт ядролық қару немесе ядролық жарылғыш құрылғыны өндіру, сынау, сатып алу, беру, сақтау және өз аумағында орналастыруға тікелей тыйым салады. Сонымен қатар, шарттың ережелеріне сәйкес ядролық қаруды пайдалануға және оны қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған», - деді сыртқы істер министрі.
Атамқұловтың сөзінше, ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт 2017 жылғы 20-шы қыркүйектен бастап Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы аясында қол қою үшін ашылды және 50 мемлекет ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.
Қазіргі уақытта шартқа 70 мемлекет қол қойып, 23 мемлекет ратификациялады. Шарттың күшіне 4-5 жылға созылуы мүмкін. Қазақстан шартқа ресми түрде қол қойған. Шартты ратификациялау Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларымен толықтай сай келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыстағы жарылыс. Шымкентте 15 эвакуациялау бекет ашылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы