Сенат Ұлттық банктің жаңа басшысының кандидатурасын мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар Ұлттық банк басшысы лауазымына президент ұсынған Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын қолдады.
Конституцияға сәйкес Президенттің Ұлттық банктің төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Сенаттың келесімін алу үшін Президент палатаға тиісті ұсыныс енгізді.
Мемлекет басшысының ұсынысын депутаттарға Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов жариялап берді.
ҚР Конституциясының 44-бабының талаптарына сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарауларыңызға келісім алу үшін Ұлттық банк төрағасы лауазымына үміткер ретінде Ғалымжан Пірматовты ұсынып отыр, - деді ол.
Ғалымжан Пірматов бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
- «Алтын-Тас» БК қаржы директоры (1994-1998);
- «Минарет Групп Секьюритиз» корпоративтік қаржы департаментінің директоры (1998-1999);
- AIG Silk Road Capital Management инвестициялық директоры (1999);
- «AES КиевОблЭнерго» қаржы директоры (2002-2003);
- «AES Украина» коммерциялық директоры (2003-2004);
- «Almaty Power Consolidated» АҚ бас директорының экономика жөніндегі орынбасары (2004);
- «Халық Банкі» АҚ Жобаларды қаржыландыру департаментінің басшысы, басқарушы директор – инвестициялық банкинг департаментінің директоры (2005-12.2007);
- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (21.12.2007-20.03.2009);
- «БТА Банкі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (Қазақстан) (03.2009-13.07.2009);
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті (07.2009-2011);
- Cameco Kazakhstan президенті (2011-2015);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары (12.2015-08.2017);
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы (08.2017-02.09.2021).