Сенат төрағасы Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Дипломат Сенат төрағасын палата басшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында екі елдің мемлекет басшылары арасында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру аясындағы бағыттар сөз болды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, - делінген хабарламада. 
Сондай-ақ, тараптар мемлекеттер арасындағы екі жақты және көпжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі күшейту қажеттігіне назар аударды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы