Сенат стрестік активтер нарығын дамыту туралы заң жобасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Сенаттың жалпы отырысында айтты.
Әбілқасымова Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы жөнінде баяндады.
Ол банктердің стрестік активтерінің деңгейін төмендетуге және оларды нарықтық негізде экономикалық айналымға тартуға ықпал ететін заңнамалық базаны құруға бағытталған.
Заң жобасы инвесторлардың кең ауқымының осы нарыққа кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдай жасау мақсатында стрестік активтерді рұқсат етілген сатып алушылардың қолданыстағы тізімін кеңейтуді қарастырады. Стрестік активтердің меншік иелеріне осындай активтерді басқаруға байланысты көрсетілетін қызметтердің барлық спектрін көрсететін сервистік компаниялар ұғымын ендіру,стрестік активтерді экономикалық айналымға тартуды жеделдету мақсатында кепілдік қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолдану нәтижесінде алынған мүліктің банктер мен микроқаржылық ұйымдардың балансында болуының шекті мерзімін белгілеуді қарастырады, - деді Әбілқасымова.
Әбілқасымова атағандай, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында банктік қарыз және микрокредит шарттары шеңберінде кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына заңнамада қойылатын барлық талаптар мен шектеулерді жеке инвесторға (кредиторға) қолдануды көздейді.
Стрестік активтердің дамыған нарығын құру, бұл олардың деңгейінің төмендеуіне және жұмыс істемейтін активтерді экономикалық айналымға көбірек тартуға алып келеді. Сенаттың тұрақты комитеттерінің осы заң жобасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ, - деді ол.
Жалпы отырыста депутаттар заң жобасын қабылдады.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаыбылданып отырғанын айтты.
Жаңа нормалар стрестік активтер нарығында қолданылатын құқықтық тетіктерді жетілдіруге және осы саланың өсуіне жағдай жасауға бағытталған. Заң инвесторлардың стрестік активтер нарығына қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы осы нарықты одан әрі дамытуды көздейді. Жаңа талаптар бұл саланың ашықтығы мен айқындығын да қамтамасыз етеді. Болашақта осы заң проблемалық активтердіпайдалануға жақсарта отырып, бизнес ортану жақсартуға оң әсерін береді деп сенеміз, - деді Әшімбаев.